Тараз қаласының бас имамы Амантай Садиевтың мұрындық болуымен, кәсіпкер азаматтардың демеулігімен "Һибатулла Тарази" медресе-колледжіне қолдау көрсетілді.
Оқу орнының қызметі дами берсін, алдағы уақытта тоқтамай шәкірттерінің саны арта түссін деген тілекпен ҚМДБ-ның Жамбыл облысы бойынша бас имамы Бейбіт Мырзагелдиев пен Амантай Садиев медресе директоры Қанат Жұмағұловқа 400 мың теңге қаражатты ресми табыс етті.
Аталған игілік Тараз қаласының ел және дін жанашыр азаматтарының қолдауымен жүзеге асты.
Ақерке БЕКҚҰЛОВА
"Һибатулла Тарази" мешітінің баспасөз қызметі