Құран мен хадисте ата-ана жайында не дейді?!

Өмірге келген әрбір жанның басына берілетін бақ пен Алланың әмірімен жазылған өмір жолы, тағдыры болады. Әр адам өз арман-мақсаттарымен, алған тәрбиесімен ерекшеленеді. Сол тәрбиені беруші – әлпештеп отырған ата-анамыз. Ең бақытты жандар – ата-ананың мейірімін, қамқорын көріп, қасында жанашыр анасы мен қамқор әкесі барын біліп, жан жылуын сезініп өскендер. Ал сол бақыттың қадірін ұғына алып жүрміз бе?! Ата-анамыз өзіне тиісті құрметті көріп жүр ме?

Ата-ананың баласына жасаған дұғасы міндетті түрде қабыл болады

Пайғамбарымыз (с.а.у) айтты:

« ثلاث دعوات مستجاب لهن ولا شك فيهن : دعوة المظلوم ، ودعوة المسافر ، ودعوة الوالدين على الولد » ( أحمد والبخاري ) .

«Үш дұға міндетті түрде қабыл болады, онда еш күмән жоқ: Зұлымдыққа ұшырағанның дұғасы, жолаушының дұғасы, ата-ананың баласына дұғасы»[1].

Басқа хадисте:

« أربعة دعوتهم مستجابة : الإمام العادل والرجل يدعو لأخيه بظهر الغيب ، ودعوة المظلوم ، ورجل يدعو لولده ».

Төрт адамның дұғасы қабыл болады: әділ басшының, бауырының сыртынан дұға жасайтын адамның, зұлымдық шеккеннің дұғасы және адамның баласына жасаған дұғасы.[2]

Ата-анаға жақсылық жасау жайында Құран кәрім

Құранның біршама аяттарында жалғыз Аллаға құлшылық қылумен ата-анаға жақсылық жасау сабақтасып келеді:

Алла тағала Құран кәрімде:

﴿ وَاعْبُدُوا اللَّهَ وَلا تُشْرِكُوا بِهِ شَيْئًا وَبِالْوَالِدَيْنِ إِحْسَانًا وَبِذِي الْقُرْبَى وَالْيَتَامَى وَالْمَسَاكِينِ وَالْجَارِ ذِي الْقُرْبَى وَالْجَارِ الْجُنُبِ وَالصَّاحِبِ بِالْجَنْبِ وَابْنِ السَّبِيلِ وَمَا مَلَكَتْ أَيْمَانُكُمْ …

Алла (Т.) ға құлшылық қылыңдар. Оған еш нәрсені ортақ қоспаңдар. Және әке-шешеге, жақындарға, жетімдерге, міскіндерге, жақын көршіге, бөгде көршіге, жан жолдасқа, жолда қалғандарға және қол астындағыларға жақсылық қылыңдар.[3]

Басқа бір аятта:

﴿ يَسْأَلُونَكَ مَاذَا يُنْفِقُونَ قُلْ مَا أَنْفَقْتُمْ مِنْ خَيْرٍ فَلِلْوَالِدَيْنِ وَالأقْرَبِينَ وَالْيَتَامَى وَالْمَسَاكِينِ وَابْنِ السَّبِيلِ

(Мұхаммед Ғ.С.) олар сенен Алла жолында не беретіндіктерін сұрайды. «Нендей қайыр сарып қылсаңдар; Әке-шеше, жақындар, жетімдер, міскіндер және жолда қалғандар үшін. Қайырдан не істесеңдер, күдіксіз Алла оны біледі» де.[4]

Алла таға әйел адамның бала көтеру кезіндегі қиындықтарын, баланы дүниеге әкелген кездегі ауыртпашылықты былайша суреттейді:

﴿ وَوَصَّيْنَا الأنْسَانَ بِوَالِدَيْهِ إِحْسَانًا حَمَلَتْهُ أُمُّهُ كُرْهًا وَوَضَعَتْهُ كُرْهًا وَحَمْلُهُ وَفِصَالُهُ ثَلاثُونَ شَهْرًا حَتَّى إِذَا بَلَغَ أَشُدَّهُ وَبَلَغَ أَرْبَعِينَ سَنَةً قَالَ رَبِّ أَوْزِعْنِي أَنْ أَشْكُرَ نِعْمَتَكَ الَّتِي أَنْعَمْتَ عَلَيَّ وَعَلَى وَالِدَيَّ وَأَنْ أَعْمَلَ صَالِحًا تَرْضَاهُ وَأَصْلِحْ لِي فِي ذُرِّيَّتِي إِنِّي تُبْتُ إِلَيْكَ وَإِنِّي مِنَ الْمُسْلِمِينَ

Адам баласына, әке-шешесіне жақсылық істеуді нұсқадық. Өйткені шешесі оны зорға көтеріп, әрең босанады. Сондай-ақ оған жүкті болу, (сүттен) айыру отыз ай. Ақыр ол, ержетіп, қырық жасқа ұласқан кезде: "Раббым! Өзіме әке-шешеме берген нығметтеріңе шүкірлік етуімді, өзің разы болатын түзу амал істеуімді маған нәсіп ете көр! Менің ұрпақтарымды да түзелт. Шын мәнінде, мен тәубе қылдым. Әрине мен бой ұсынушыларданмын" деді.[5]

Басқа бір аятта Алла тағала Өзіне шүкіршілік қылуға бұйырады және бұл шүкіршілік аясында ата-ананың да бар екенін меңзейді яғни бұл аяттан түсінеріміз Аллаға шүкіршілік етіп ата-анаға шүкіршілік етпесе толық шүкіршілік еткен болып саналмайды:

﴿ أَنِ اشْكُرْ لِي وَلِوَالِدَيْكَ إِلَيَّ الْمَصِيرُ )

Маған және әке-шешеңе шүкір ет. Қайтар орның Мен жақ.[6]

Басқа бір аятта ата-анаға ұнатпаған халде дауыс көтеріп ұрыспақ түгілі «туф» деп жекіруге де болмайтынын айтқан:

 وَقَضَىٰ رَبُّكَ أَلَّا تَعْبُدُوا إِلَّا إِيَّاهُ وَبِالْوَالِدَيْنِ إِحْسَانًا ۚإِمَّا يَبْلُغَنَّ عِندَكَ الْكِبَرَ أَحَدُهُمَا أَوْ كِلَاهُمَا فَلَا تَقُل لَّهُمَا أُفٍّ وَلَا تَنْهَرْهُمَا وَقُل لَّهُمَا قَوْلًا كَرِيمًا 

Раббың, өзіне ғана ғибадат етулеріңді, әке-шешеге жақсылық қылуларыңды әмір етті. Ал егер ол екеуінің бірі немесе екеуі де жандарыңда кәрілікке жетсе: “Түһ” деме (кейіс білдірме). Сондай-ақ ол екеуін зекіме де, ол екеуіне сыпайы сөз сөйле.[7]

Исламдағы ата-анаға құрметсіздікпен қараудың күнәсі

1. Алла ата-анаға құрметсіздікпен қарауды харам етті

Пайғамбарымыз (с.а.у) мүбарак хадисінде:

« إن الله حرم عليكم عقوق الأمهات ، ووأد البنات ، ومنعًا وهات ، وكره لكم قيل وقال ، وكثرة السؤال ، وإضاعة المال »

Пайғамбарымыз (с.а.у) мүбарак хадисінде: «Алла тағала сендерге аналарыңа құрметсіздікпен қарауды қыздарыңды тірідей көмуді, құқықтарды өтемеу мен орынсыз істі орындауды талап етуді, өсекті, көп сөзді, дүниені шашуды харам етті»[8]

Көріп отырғанымыздай ата-анаға құрметсіздікпен қарау діндегі ауыр күнәлармен қатар келген.

2. Ата анаға құрметсіздік кәбәирлерден (үлкен күнәлар):

Пайғамбарымыз (с.а.у):

ألا أنبئكم بأكبر الكبائر ؟ ثلاثًا قلنا : بلى يا رسول الله ، قال : الإشراك بالله ، وعقوق الوالدين ، وكان متكئًا فجلس ، ثم قال : ألا وقول الزور ، وشهادة الزور ، فما زال يكررها حتى قلنا : ليته سكت

«Сендерге үлкен күнәлар жайында хабардар етейін бе? деп, үш мәрте айтты. Біз: «Әлбетте Алланың елшісі» дедік. Ол (с.а.у): «Аллаға серік қосу, ата-анаға құрметсіздік таныту, (жантайған қалпынан бойын түзеп отырып) жалған сөз, жалған куәлік үзідіксіз жалғастыра берді, ішімізден біз енді тоқтаса екен деп тіледік.[9]

3. Ата-анаға құрметсіздік танытқан адам жәннәтқа кірмейді:

Пағамбарымыз (с.а.у):

 « ثلاثة حرم الله تبارك وتعالى عليهم الجنة : مدمن الخمر ، والعاق ، والديوث الذي يقر الخبث في أهله »

«Үш адамға Алла Тағала жәннатқа кіруді харам етті: үздіксіз арақ ішетін адам, ата-анасына құрметсіз адам, жақындарының бірі зина жасап, соған үнсіз қалған адам».[10]

4. Ата-анасына құрметсіздік танытқан адамның Алла тағала парызын да нәпілін де қабыл алмайды:

Пайғамбарымыз (с.а.у) айтты:

« ثلاثة لا يقل الله عز وجل منهم صرفًا ولا عدلًا : عاق ، ومنان ، ومكذب بقدر »

«Қиямет күні Алла тағала үш адамның парызын да нәпілін де қабыл алмайды: Ата-анасына құрметсіздік танытқан адам, істеген ізгі амалын үздіксіз еске алушы адам, қиямет күнін жоққа шығарған»[11].

5. Ата-анасына құрметсіздік танытқан адамның амалдары пайда бермейді:

Пайғамбарымыз (с.а.у) айтты:

            « ثلاثة لا ينفع معهم عمل : الشرك بالله ، وعقوق الوالدين ، والفرار من الزحف »

«Үш адамның амалы пайдаға аспайды: Аллаға серік қосу, ата-анаға құрметсіздік таныту, соғыс алаңын тастап қашу».[12]

6. Ата-анасына құрметсіздік танытқан адамның жазасын Алла осы өмірде береді:

Пайғамбарымыз (с.а.у) айтты:

 « كل الذنوب يؤخر الله منها ما شاء إلى يوم القيامة إلا عقوق الوالدين فإن الله يعجله لصاحبه في الحياة قبل الموت ».

«Барлық күнәлардың жазасы  Алла тағаланың қалауымен қиямет күніне дейін кешіктірілуі мүмкін, тек ата-анасына құрметсіздік танытқан адамның жазасын осы өмірде өлім келмей тұрып береді». [13]

Ата-анаға жақсылық жасаудың сауабы

1. Ата-анаға жақсылық жасау Алла алдындағы ең сүйікті амалдардан:

عن عبد الله بن مسعود ـ رضي الله عنه ـ قال : سألت رسول الله ـ صلى الله عليه وسلم ـ أي العمل أحب إلى الله ؟ قال : الصلاة على وقتها . قلت : ثم أي ؟ قال : بر الوالدين . قلت : ثم أي ؟ قال : الجهاد في سبيل الله.

Абдолла ибн Масғуттан (Алла одан разы болсын) айтты: Алла елшісінен (с.а.у) сұрадым: «Алла алдында қандай амалдар абзал?»,  деп. Пайғамбарымыз (с.а.у): «Уақытында оқылған намаз», сосын қайсы дедім, Ол (с.а.у) : «Ата-анаға жақсылық» сосын қайсы дедім, Ол (с.а.у) : «Алла жолында жасалған жиһад»[14] деп жауап берді.

2. Алланың разылығы -  ата-ананың разылығында:

Пайғамбарымыз (с.а.у):

« رضا الله في رضا الوالد ، وسخط الله في سخط الوالد »  

«Алланың разылығы ата-ананың разылығында, Алланың ашуы ата-ананың ашуында»[15].

Басқа бір хадисте:

 « من أرضى والديه فقد أرضى الله ، ومن أسخط والديه فقد أسخط الله ».

«Кімде-кім ата анасын риза қылса, Алланы риза қылғаны, егер ата-анасын ашуландырса, Алланы ашуландырғаны».[16]

3.Ата-ана сенің жақсылығыңа ең лайықты адамдар:

Бұхари хадистер жинағында келген хадисте:

جاء رجل إلى النبي ـ صلى الله عليه وسلم ـ فقال : يا رسول الله من أحق الناس بحسن صحابتي ؟ قال : «أمك » ، قال : ثم من ؟ قال : « أمك »، قال : ثم من ؟ قال :
« أمك » قال : ثم من ؟ قال : « أبوك »

Бірде бір адам пайғамбарымызға (с.а.у) келіп айтты: «Ей, Алланың елшісі адамдардың ішінде жақсылық жасауға лайық кім?» деді. Ол: «Анаң» деді. Сосын кім? деді. Ол: «Анаң» деді. Сосын кім? деді. Ол: «Анаң» деді. Сосын кім? дегенде ол: «Әкең» деді. [17]

Көріп отырғанымыздай анамызға бірінші кезекте жақсылық қылу ол мұсылманның асыл міндеті.

4. Ата-ананың разылығы сен үшін екі бірдей жәннаттың есігін айқара ашады:

عن ابن عباس ـ رضي الله عنه ـ قال : قال النبي ـ صلى الله عليه وسلم ـ : « من أصبح مطيعًا لله في والديه أصبح له بابان مفتوحان من الجنة ، وإن كان واحدًا فواحد ، ومن أمسى عاصيًا لله تعالى في والديه أصبح له بابان مفتوحان من النار ، وإن كان واحدًا فواحد » . قال رجل : وإن ظلماه ؟ قال النبي ـ صلى الله عليه وسلم ـ : « وإن ظلماه وإن ظلماه وإن ظلماه » ( رواه الحاكم ) .

Ибн Аббас (Алла одан разы болсын) риуаят еткен хадисте пайғамбарымыз айтты: «Кімде-кім күнін Алла ризалығы үшін ата-анасына бой ұсынған күйде бастаса, оған екі бірдей жәннаттың есігі ашық болады, егер біреуі тірі болса, бір есігі ашық болады. Егер кімде-кім ата-анасына бой ұсынбаған күйде кешті батыратын болса, ол үшін екі бірдей тозақтың есігі ашық болады, егер біреуі тірі болса бір есігі ашық болады». Сол кезде бір адам тұрып айтты: «Ол екеуі оған зұлымдық жасаса да ма?» деді. Пайғамбарымыз (с.а.у): «Ия, зұлымдық жасаса да» деп үш мәрте қайталады[18].

5. Ата-анаға жақсылық Алла жолында жиһад жасағаннан да абзал:

Мүслім хадистер жинағында:                               

 جاء رجل إلى النبي ـ صلى الله عليه وسلم ـ فاستأذنه في الجهاد ، فقال : « أحي والداك ؟ » قال : نعم . قال :« فيهما فجاهد » ( مسلم ) .

Бірде бір адам пайғамбарымызға (с.а.у) келіп, жиһадқа сұранады. Пайғамбарымыз (с.а.у) одан: «Ата-анаң тірі ме?» деп сұрайды. Ол: «ия» дейді. Пайғамабарымыз (с.а.у) : «Олай болса, ата-анаңа жиһад жаса (қасында бол, жәрдемдес)»[19] дейді.

6. Ата-анаға жақсылық жасаған адам қажылыққа, умраға барғандай сауап алады:

Табарани хадистер жинағында:

 عن أنس ـ رضي الله عنه ـ قال : أتى رجل إلى النبي ـ صلى الله عليه وسلم ـ فقال : إني أشتهي الجهاد ولا أقدر عليه ، فقال : « هل بقي من والديك أحد ؟ » قال : أمي ، فقال : « قابل الله في برها ، فإذا فعلت ذلك فأنت حاج ومعتمر ومجاهد ».

Әнәс (Алла одан разы болсын) айтты: «Пайғамбарымызға (с.а.у) бір адам келіп: «Мен жиһад жасағанды қалаймын бірақ оған шама келмейді» деді. Пайғамбарымыз (с.а.у): «Ата-анаңна біреуі бар ма?» дейді. Ол: «ия, анам бар». Пайғамбарымыз (с.а.у) : «Оған жақсылық жаса, егер солай жасаған болсаң, сен қажылық, умра, жиһад жасағандай сауап аласың»[20] деді.

7. Жәннат ананың аяғының астында:

Имам Насаиден жеткен хадисте:

عن معاوية بن جاهمة أن جاهمة جاء إلى النبي ـ صلى الله عليه وسلم ـ فقال : يا رسول الله أردت أن أغزو ، وقد جئت أستشيرك . فقال : « هل لك من أم ؟ » قال : نعم . قال : «فالزمها ، فإن الجنة عند رجليها »

Мағауия ибн Жаһимадан жеткен хадисте Жаһима пайғамбарымыз (с.а.у) келіп: «Ей Алланың елшісі жорыққа шығайын деп едім сенен сол жөнінде кеңес алу үшін келдім» дейді. Пайғамбарымыз (с.а.у): «Анаң бар ма?» дейді. Ол: «Ия» деп жауап береді. Пайғамбарымыз (с.а.у) : «Олай болса, анаңның қасында бол, шынында жәннат анаңның аяғының астында»[21] деді.

Бұл жерде «Жәннат аяғының астында» деген сөздің астарында анаға деген ерекше құрмет пен тағаттылықты меңзейді. Бұған қатысты Құран аятында былай дейді:

﴿ وَاخْفِضْ لَهُمَا جَنَاحَ الذُّلِّ مِنَ الرَّحْمَةِ وَقُلْ رَبِّ ارْحَمْهُمَا كَمَا رَبَّيَانِي صَغِيرًا ﴾

Ол екеуіне кішірейіп мәрхамет құшағын жай да: “Раббым! Ол екеуі мені кішкентайда тәрбиелегендей Сен де оларды мәхаметіңе бөлей көр!”,-де.[22]

8. Ата-анаға жақсылы адам өмірін ұзартып, ризығын кеңейтеді.

Ахмад хадистер жинағында:

 قال النبي صلى الله عليه وسلم : « من سره أن يمد له في عمره ويزاد في رزقه فليبر والديه وليصل رحمه »

Пайғамбарымыз (с.а.у) айтты: «Егер кім өмірінің ұзарғанын, ризығының кеңейгенін қаласа, ата-анасына жақсылық қылсын, туыстық қатынастарды сақтасын»[23] деген.

 Басқа бір хадисте:

وقال النبي ـ صلى الله عليه وسلم ـ : « من أحب أن يبسط له في رزقه ، وينسأ له في أثره ، فليصل رحمه »

Пайғамбарымыз (с.а.у) айтты: «Егер кім оған ризықтың артқанын және ажалының кешіктірілгенін қаласа, жақындарымен қатынас үзбесін»[24].

Ата-анаға жақсылық жасау жайында Пайғамбарлар мен салих құлдар

Ибраһим пайғамбар:

Алла тағала Құран кәрімде Ибраһим пайғамбар мен әкесінің арасында болған әңгімені былай деп баяндайды:

قال الله تعالى : ﴿ وَاذْكُرْ فِي الْكِتَابِ إِبْرَاهِيمَ إِنَّهُ كَانَ صِدِّيقًا نَبِيًّا (41) إِذْ قَالَ لآبِيهِ يَا أَبَتِ لِمَ تَعْبُدُ مَا لا يَسْمَعُ وَلا يُبْصِرُ وَلا يُغْنِي عَنْكَ شَيْئًا (42) يَا أَبَتِ إِنِّي قَدْ جَاءَنِي مِنَ الْعِلْمِ مَا لَمْ يَأْتِكَ فَاتَّبِعْنِي أَهْدِكَ صِرَاطًا سَوِيًّا (43) يَا أَبَتِ لا تَعْبُدِ الشَّيْطَانَ إِنَّ الشَّيْطَانَ كَانَ لِلرَّحْمَنِ عَصِيًّا (44) يَا أَبَتِ إِنِّي أَخَافُ أَنْ يَمَسَّكَ عَذَابٌ مِنَ الرَّحْمَنِ فَتَكُونَ لِلشَّيْطَانِ وَلِيًّا (45) قَالَ أَرَاغِبٌ أَنْتَ عَنْ آَلِهَتِي يَا إِبْرَاهِيمُ لَئِنْ لَمْ تَنْتَهِلارْجُمَنَّكَ وَاهْجُرْنِي مَلِيًّا (46) قَالَ سَلامٌ عَلَيْكَ سَأَسْتَغْفِرُ لَكَ رَبِّي إِنَّهُ كَانَ بِي حَفِيًّا (47) ﴾ 

(41) (Мұхаммед Ғ.С.) Кітаптағы Ыбырайым (Ғ.С.) ды есіңе ал. Негізінде ол турашыл пайғамбар еді.(42) Сол уақытта әкесіне: "Әй әкетайым! Естімес, көрмес, сондай-ақ өзіңе бір пайдасы жоқ нәрсеге неге шоқынасың?",- деді.(43) "Әй әкетайым! Расында маған, саған келмеген білім келді. Сондықтан маған ілес. Сені тура жолға салайын."(44) "Әй әкетайым! Шайтанға шоқынба! Өйткені, шайтан, Аллаға қарсы болған."(45) Әй әкетайым! Сені Алла жағынан азап қолға алып, шайтанға дос болып, қалуыңнан қорқамын."(46) Әкесі: "Әй Ыбырайым! Сен тәңірлерімнен бет бұрасың ба? Егер, оны қоймасаң, әрине сені таспен атамын. Сондай-ақ өзің менен аулақ бол" деді.(47) (Ыбырайым Ғ.С.): "Саған амандық болсын. Сені Раббымның жарылқауын тілеймін. Өйткені, Ол, өте мейірімді" деді.[25]

Мұса пайғамбардың қиссасы:

Бір күні Муса пайғамбар (Алланың оған сәлемі болсын) Алладан бұл дүниедегі жәннаттағы серігін көрсетуін сұрады. Сол кезде Жебірейіл келіп: «Сенің жәннатағы серігің пәленше жерде тұратын пәленше деген қасапшы» деп жауап берді. Муса (Алланың оған сәлемі болсын) қасапшының дүкеніне барған кезде ет сатумен айналысып жатқан жас жігіт екенін көрді. Муса (Алланың оған сәлемі болсын) жігіттің істерін жақыннан бақылап көрді бірақ ешбір ерекшелікті байқамады. Түн болған кезде қасапшы аздап ет алып үйіне қайтты. Муса пайғамбар (Алланың оған сәлемі болсын) да оған ілесіп барып, қонақ қылуын талап етті бірақ өзін таныстырмады... Кең пейілмен қарсы алып, үйіне кіргізіп қонақ қылды. Муса (Алланың оған сәлемі болсын) бақылауын жалғастырды. Әлгі жігіт тамақ дайындап, төбеде ілулі тұрған себетті түсіріп, бір қарт әжені алып шықты. Жуындырып, киімін ауыстырып қолымен тамақ беріп болғаннан кейін бұрынғы жайына жайғастырды. Муса (Алланың оған сәлемі болсын) әлгі қарияның түсініксіз тілде бір нәрсе айтқанын естіді. Анасын тамақтандырғаннан кейін қонағын күтіп, тағам әкеліп бірге тамақ іше бастады. Муса (Алланың оған сәлемі болсын) бұл қария әже жайында сұрады. Жігіт: «Бұл менің анам мен оның қызметіндемін» деп жауап берді. Содан кейін Муса (Алланың оған сәлемі болсын): «Анаң өз тілінде не деп айтты» деді. Ол: «Әр кез мен оған қызмет жасаған кезімде ол:       « Алла сені кешірсін және сені қиямет күні Мусаның серігі етсін», деді. Сол кезде Муса (Алланың оған сәлемі болсын) : «Ей жігіт мен сені сүйіншілеймін Алла сенің анаңның дұғасын қабыл етті. Сені байқап едім анаңды ұлықтап, құрмет жасап, жақсылық істегеніңнен басқа амал көрмедім, сенің бұл деңгейің ата-анаңа деген құрметің және жақсылығың» деді.

Алқаманың оқиғасы:

Алқама есiмдi сахабасы болыпты. Жоқ-жiтiк жандарға үнемi қол ұшын берiп жүредi екен. Бес уақыт намазын қаза етпей оқитын болған. Бiр күнi қатты науқастанып, төсек тартып жатып қалады. Пайғамбарымыз (с.а.у) халiн сұрауға бiрер сахабасын жiбередi. Олар келгенде: «Кәлима тауһид пен калима шаһадатты айт», – дейдi. Сонда Алқаманың тiлi күрмелiп, ештеңе дей алмайды. Осы хабарды естiген Пайғамбарымыз (с.а.у): Алқаманың ата-анасы бар ма? – деп сұрайды.

– Иә, қарт анасы бар, – деп жауап бередi қасындағылар.

– Әй, Бiләл, маған Алқаманың анасын шақырып кел, – дейдi Алланың соңғы Елшiсi. Анасы келгенде: «Сiз Алқамаға ренжiп жүрсiз бе?» – деп сұрайды.

– Иә, мен оған қатты ренжулiмiн, – дейдi.

Сонда Пайғамбарымыз (с.а.у):

– Түсiнiктi. Анасын өкпелеткенi үшiн тiлi кәлимаға келмей жатыр екен. Имансыз қалпы өлiп кетпесiн. Отын жинап әкелiңдер. Алқаманы отқа жағамын, – дептi. Сонда байғұс анасы:

– О, Алланың Елшiсi! Сен ұлымды көз алдымда қалай отқа тастамақсың? Менiң жүрегiм бұған қалай шыдайды? – дейдi.

– О, Алқаманың анасы, Алла Тағаланың азабы, оның ақыреттегi жалындаған оты бұл дүниедегi оттан әлдеқайда күштi. О дүниеде балаңыздың жанғанын қаламасаңыз, разылығыңызды берiңiз. Разылығыңыз болмаса, балаңыздың оқыған намазы, берген садақасы тозақ отынан құтқара алмайды, – дегенде, дереу анасы қолын жайып:

– Иә, Алла,  Өзiң және қасымдағылар куә болсын! Ұлым Алқамаға разымын, ақыретте одан ақымды сұрамаймын, – дептi. Осы оқиғадан кейiн Алқамаға барғандар оның тiлiнiң кәлимаға келiп, сөйлеп жатқанын көредi. Сол кезде әлгi сахабалар қуанып:

– Аллам, соңғы демiмiз бiтер кезде бiздiң де тiлiмiздi кәлимаға келтiрудi нәсiп ет, – деп жамырай дұға жасапты.

Ата-анаңа  қалай  құрмет  көрсетсең, өз балаңнан да солай құрмет көрерсің. Өз балаңыздан  қандай  жақсылық  күтсеңіз, ата-анаңызға сондай жақсылық істеңіз. Себебі не берсеңіз, соны аларсыз, не ексеңіз, соны орарсыз. Жақсылық қылсаң да өзіңе, жамандық қылсаң да өзіңе емес пе?!  «Ата-ана не қылсаң, алдыңа сол келер» деген. Ақ жаулықты, ақ шашты өз  аналарымыз  бен  данагөй   қарияларымызды  ардақтайық, көңілдеріне қаяу, жүректеріне  қайғы салмайық, ағайын!

 

 

[1] Ахмад хадистер жинағында келген.

[2] Әбу Нағимнің хадистер жинағы.

[3] Ниса сүресі, 36-аят.

[4] Бақара сүресі, 215-аят.

[5] Ахқаф сүресі, 15-аят.

[6] Лұқман сүресі, 14-аят.

[7] Исра сүресі, 23-аят.

[8] Мүслім хадистен жинағы.

[9] Бұхари хадистер жинағы.

[10] Ахмад хадистер жинағы.

[11] Ибн Әбу Асимның хадисінде.

[12] Табарани хадистер жинағы.

[13] Ибн Хиббанның хадистер жинағы

[14] Бұхари, Мүслім хадистер жинағы.

[15] Тирмизи хадистер жинағы.

[16] Ибн Нәджардың хадисінде

[17] Бұхари, Мүслім хадистер жинағы.

[18] Хакім хадистер жинағы

[19] Мүслім хадистер жинағы.

[20] Табарани хадистер жинағы.

[21] Нәсәи хадистер жинағы.

[22] Исра сүресі, 24-аят.

[23] Ахмад хадистер жинағы.

[24] Мүслім хадистер жинағы.

[25] Мәриям сүресі, 41-47 аяттар.