Сүннеттегі истихара. 4 бөлім

Неке қияр алдындағы истихара

Әбу Айюб Ансари Алла Елшісі (ﷺ) былай айтқан деп жеткізген:

«Ұсынысыңды жасырып, дәрет алып, содан кейін Алла Тағала саған қанша рәкағат жазса, сонша рәкағат орында. Рәкағаттарыңды бітіріп, Жаратушыңды дәріптеп, мадақтап былай айт: 

اللهم إنك تقدر ولا أقدر وتعلم ولا أعلم وأنت علام الغيوب
فإن رأيت أن في (فلانة) خير لي في ديني و دنياي و آخرتي فاقدرها لي. و إن كان غيرها خيرا لي منها في ديني و دنياي و آخرتي فاقدرها لي.

«Уа, Алла, шынында, Сенде Құдірет бар, ал менде жоқ; Сен бәрін білесің, ал мен білмеймін, әрі Сен ғайыпты білесің. Егер Сенің Біліміңде менің дініме, менің  бұл дүниедегі және мәңгілік өмірдегі амалдарыма қайырлы болар іс  болса, онда оны маған бұйыршы».

Ескерту:

  1. Жоғарыда келтірілген хадистегі «ұсынысыңды жасырып» деген сөздер истихараны үйлену ұсынысының алдында орындау керек, шешім қабылданғанша оны басқаларға айтудың қажеті жоқ дегенді білдіруі мүмкін. Бұл қыздың арын қорғайды, сондай-ақ, қызғаныштан сақтайды және т.б.

Ер адамдарға әйелге ұсыныс жасамай тұрып истихара орындау керек. Әйелдерге де истихараны күйеу жігітті қабылдар алдында орындаулары керек. Тәжірибеде бұрыннан дәлелденген, егер истихара кездесуге дейін орындалса, онда адам басынан бастап өсиет алады. Ер адамдарда қабылданған әдет - үйленуге ұсыныс жасағандарынан соң ғана истихараны орындауы дұрыс емес. Нәтижесінде қажеттіліксіз ер адамдар көптеген қалыңдықтарды қарастырады. Бұл әйелдерді машақатқа түсіреді, олар көптеген күйеу жігіттерге беттерін ашады (бұл жерде никаб киетін әйелдер айтылып отыр), ал олар болса кейін үйленуден бас тартады, өздерін «истихара шықпады» деп ақтай сөйлейді.

  1. Жақшаның (فلانة) ішіндегі сөзді ойлаған қалыңдықтың есімімен алмастыру керек.
  2. Егер истихараны әйел жасайтын болса, онда дұға былай айтылады:

اللهم إنك تقدر و لا أقدر و تعلم و لا أعلم و أنت علام الغيوب. فإن رأيت أن في (فلان) خيرا لي في ديني و دنياي و آخرتي فاقدره لي. و إن كان غيره خيرا لي منه في ديني و دنياي و آخرتي فاقدره لي