Қадірлі ағайын! Құрметті студенттер!
Сіздерді еліміздің ең қастерлі мерекелерінің бірі – Қазақстан Республикасының Конституциясы күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Ата Заңымыз – мемлекетіміздің тұғыры, тәуелсіздігіміздің тірегі, ынтымақ пен бірлігіміздің негізі. Конституцияда әрбір азаматтың құқығы мен еркіндігі, ел дамуының басты қағидаттары айқын көрініс тапқан.
Осы мерейлі мерекеде халқымыздың ауызбіршілігі артып, мемлекетіміздің мерейі үстем болсын. Әр шаңыраққа амандық, татулық пен береке тілеймін.
Ізгі ниетпен,
«Һибатулла Тарази» медресе-колледжінің директоры
Жарбол Болатұлы