1 ҚЫРКҮЙЕК - БІЛІМ КҮНІ ҚҰТТЫ БОЛСЫН!

Құрметті ұстаздар, қадірлі ата-аналар және ардақты шәкірттер!

Баршаңызды жаңа оқу жылының басталуымен, 1 қыркүйек – Білім күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Білім – адамзаттың ең асыл қазынасы, жүректерді нұрға бөлейтін, болашаққа жол ашатын мәңгілік шамшырақ. Әрбір шәкірттің жүрегіне ілімнің сәулесін түсіріп, рухани һәм дүниелік ілімді қатар меңгерту – біздің ортақ мақсатымыз.

Биылғы оқу жылы шәкірттерімізге жаңа мүмкіндіктер әкеліп, олардың ой-өрісін кеңейтіп, асқақ арманға жетелесін. Ұстаздар қауымына қажымас қайрат, сарқылмас сабыр тілеймін. Білім жолындағы әр еңбектеріңіз сауап болып жазылсын!

Қадірлі ата-аналар! Балаларыңыздың ілім алуына жасаған қолдауларыңыз – болашағымыздың берік іргетасы. Сіздерге мықты денсаулық пен отбасыңызға бақ-береке тілеймін.

Ардақты шәкірттер! Ілім іздену – әрбір мұсылманға парыз. Бүгіннен бастап алған әрбір сабақтарыңыз жүректеріңізге иман нұрын, ақылдарыңызға терең парасат қоссын.

Жаңа оқу жылы құтты болсын!
Алла баршамызға ілімімізді амалға айналдырып, елге-жұртқа пайдалы болуды нәсіп етсін!

Ізгі тілекпен,
“Һибатулла Тарази” медресе-колледж директоры

Жарбол БОЛАТҰЛЫ