ЕЛ ТӘУЕЛСІЗДІГІ – ХАЛЫҚ МАҚТАНЫШЫ

Қадірлі ұстаздар, ардақты шәкірттер, қымбатты жамағат!

Бүгін – тәуелсіздіктің рухын сезіндіріп, елдік сананы оятатын ерекше күн. 25 қазан – Республика күні – әрбір қазақстандықтың жүрегінде мақтаныш пен рухты оятатын мереке.

Бұл күн – азаттықтың ақ таңы атқан, ел болудың ең ұлы мәнін ұғындырған тарихи белес. Республика күні бізге өткенге тағзым етіп, бүгінге шүкіршілікпен қарауды, ал ертеңге сеніммен қадам басуды үйретеді.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың бастамасымен мерекенің ұлттық деңгейде қайта жаңғыруы – ел болашағына деген сенімді нығайтты. Бұл – халқымыздың тарихына тағзым, тәуелсіздікке деген құрмет.

Тәуелсіздік – жай ғана сөз емес, ол – елдің еңсесі, ұлттың намысы, ұрпақтың үміті. Біз, ұстаздар мен шәкірттер қауымы, осы құндылықты білім мен тәрбиенің негізіне айналдыруға тиіспіз.

Алла Тағала туған еліміздің тыныштығын сақтап, халқымыздың бірлігі мен ынтымағын арттырсын!
Әр шаңыраққа береке, әр жүрекке бейбіт өмірдің нұры ұяласын!

Ізгі тілекпен,
Жарбол Болатұлы,
"Һибатулла Тарази" медресе-колледжінің директоры