РЕСПУБЛИКА КҮНІ ҚҰТТЫ БОЛСЫН!

Аса мейірімді, ерекше рақымды Алланың атымен бастаймын!

Құрметті ұстаздар, шәкірттер және жерлестер!

Баршаңызды ұлттық мерекеміз – Республика күнімен шын жүректен құттықтаймын! Әр шаңыраққа береке, амандық пен таусылмас игілік тілеймін.

Бұл мереке – мемлекетіміздің егемендік негізін айқындаған, елдігімізді нығайтқан тарихи күн. Тәуелсіз елдің ең мықты тірегі – білімді, тәрбиелі әрі отаншыл ұрпақ. Білім мен парасат жолында жүрген жастарымыздың діні мен дәстүрін қатар ұстанып, ел игілігіне қызмет етуі – жарқын болашақтың кепілі.

Асыл дініміз жастарды ізгілікке, терең білім алуға және Отанға адал қызмет етуге шақырады. Туған елді көркейту, қоғамдағы бірлік пен татулықты сақтау – баршамызға ортақ парыз.

Осы айтулы күнде Алла Тағала еліміздің бірлігін бекем, бейбітшілігін баянды еткей! Шәкірттеріміздің талабын оң қылып, елімізге адал қызмет ететін білікті маман болуларын нәсіп етсін!

Жарбол Ақжігіт,

«Һибатулла Тарази» медресе-колледжінің директоры