Намазды да қайта оқыңыз!

Ілгеріде өзін тақуа, діндар етіп көрсетіп жүретін, сөйтіп жұртқа жақсы атанғысы келетін бір кісі өтіпті. Бір күні сол елдің патшасы оны сыйлап, құрметтеп үйіне шақырады. Алдына дәмді ас қояды. Дастарханға отырған соң, әлгі кісі дайын тамақты әдеттегіден азырақ жеді. Сосын намаз оқығанда, оны да әдеттегіден ұзағырақ оқыды. Сөйтіп үйіне келгенде әйеліне қайтадан дастархан жайғызады. Ақылды бір баласы бар екен:
- Әкетай, патшаның үйінен тамақ жемедіңіз бе, - деп сұрады.
- Ой, ол жерде қайдан жейсің. Бойға жұғатындай ас жеді дейсің бе? Түртіп, түртіп қойдық қой, - деп қайыра салады әкесі.
- Әкетай, онда намазыңызды да қайта оқығаныңыз дұрыс шығар. Кім біледі, оны да жанға жұғатындай етіп оқымаған шығарсыз. 
Баласының ескертуінен көзі шайда ашылған әке бұдан былай көзбояушы, риялы істерін қойып кеткен екен.