ЗЕКЕТ ПЕН САДАҚАНЫҢ ПАЙДАЛАРЫ

 

Зекет пен садақаны зерттеген ғалым-ғұламалар Құран аяттары мен хадистерден сүзіп, оның дүниелік және ақыреттік пайдаларын төмендегідей етіп жазып қалдырған.

ЗЕКЕТ ПЕН САДАҚАНЫҢ ДҮНИЕЛІК ПАЙДАЛАРЫ

1. Бәле-жаланың бетін қайтарады;
2. Өмірді ұзартады;
3. Мал-мүлікке береке қатады;
4. Дүниені харамнан және жаман энергиядан тазартады;
5. Тән ауруы мен жан ауруына ем;
6. Түрлі қауіп-қатерге қарсы сенімділік сыйлайды;
7. Пендені жақсылық жасауға тәрбиелейді;
8. Қолда қалған дүние ертелі-кеш жойылса да, берілген садақа Алланың құзырында мәңгі сақталады. Яғни, сіздің зекет-садақаңыз ақыретке сақтаған "депозитіңіз" іспетті.

САДАҚАНЫҢ АҚЫРЕТТІК ПАЙДАЛАРЫ

1. Садақа Алланың ашуын басып, пендені жағымсыз жағдайда өлуден қорғайды;
2. Садақа күнәні жуып-шаяды;
3. Садақа амал таразысында ауыр басатын ізгі амалдардың бірегейі;
4. Садақа пендені ақырет күнінің аптап ыстығынан қорғайтын сая болмақ;
5. Садақа тозаққа қарсы қалқан болып, пенденің жәннатқа кіруіне себепші.

САДАҚАНЫҢ ҚОҒАМҒА ПАЙДАСЫ

Сондай-ақ, өмірлік тәжірибеге сүйеніп, зекет пен садақаның мынандай пайдаларын тізбектеуге болады:

1. Садақа бай мен кедейдің арасын байланыстыратын көпір;
2. Садақа қоғамда қылмыстың азаюына сеп болмақ;
3. Садақа елдегі қаржы айналымын күшейтіп, экономиканың дамуына өзіндік септігін тигізеді;
4. Садақа елдегі көңіл-күйді реттейді;
5. Садақа халықтың ауызбіршілігін нығайтады.

Құрметті оқырман, сіз садақаның басқа қандай пайдаларын білесіз? Өз ойыңызбен бөлісе отырыңыз.

Жұмағұл Қанат Әділханұлы
"Һибатулла Тарази" медресе-колледжінің директоры