Бүгін «Һибатулла Тарази» медресе-колледжінде маңызды жұмыс сапары өтті. Оқу орнына Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Серік Жақсылықұлы Сәлемов келіп, медресе-колледждің жұмыс барысымен танысты. Сонымен қатар шараға Облыс әкімдігі Дін істері басқармасының басшысы Сәкен Мыңбаев, Облыс әкімдігі білім басқармасының басшысы Нұрбек Оршыбеков, Облыс әкімдігі ақпарат және қоғамдық даму басқармасының басшысы Жанболат Нұрмолдаұлы, Облыс әкімдігі мәдениет және тілдерді дамыту басқармасының басшысы Ерлан Жүнісбай, Облыс әкімдігі денешынықтыру және спорт басқармасының басшысы Ернар Ибраимов келді.
ҚМДБ-ның Жамбыл облысы бойынша бас имамы Асқар Зәкіржанұлы діни білім беру саласы бойынша сөз сөйлеп, білім саласында жасалып жатқан жетістіктер жайында тілге тиек етті.
Колледж директоры Жарбол Болатұлы қонақты оқу ордасының ғимаратымен таныстырып, білім беру үдерісі мен заманауи жабдықтардың жұмысын көрсетті.
Сапар барысында оқу орнының инфрақұрылымы, материалдық-техникалық базасы және білім сапасын арттыру бағытында атқарылып жатқан жұмыстар талқыланды. Жамбыл облысы әкімінің орынбасары діни білім саласына қолдан келгенше қолдау көрсететіндерін жеткізді.
«Һибатулла Тарази» медресе-колледжінің баспасөз қызметі

