ҚМДБ өкілі халықаралық конференцияға қатысуда

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы «Зекет және қайырымдылық» қорының директоры, РАНТ мүшесі Мақсатбек Қайырғалиев Манама қаласында өтіп жатқан «Ислам қаржылары және жасанды интеллект: бүгіні мен келешегі» атты халықаралық конференцияға қатысуда.

Шара барысында исламдық қаржы индустриясының қазіргі даму үрдістері мен жасанды интеллект технологияларын шариғат қағидаттарымен ықпалдастыру мәселелері талқылануда. Конференция жұмысына Ислам даму банкі институтының, AAOIFI ұйымының және бірнеше елдің орталық банктерінің өкілдері қатысып жатыр.

Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы өз сөздерінде қазіргі заманның басты талабы – цифрлық даму мен жасанды интеллектті тиімді пайдалану екенін атап өткен болатын.