Жамбыл облысына қарасты қала, аудандардың имамдары арасында футболдан жолдастық кездесу өтті. Шараның ашылуында ҚМДБ-ның Жамбыл облысы бойынша бас имамы Асқар Зәкіржанұлы сөз алып, командаларға сәттілік тіледі.
Бұл спорттық сайысқа «Һибатулла Тарази» медресе-колледжінің директоры Жарбол Болатұлы жетекшілік еткен ұстаздар құрамасы да белсенді қатысып, өзара ұйымшылдық пен шеберлікті танытты. Медресе ұжымы ойын барысында жоғары деңгейдегі дайындық пен ынтымақты көрсетті.
Тартысты өткен кездесудің соңында жеңімпаздарға кубок пен алғыс хаттар табысталды. Жалпы 12 команда қатысқан бұл шара имандылық қызметіндегі бауырластық пен достықты нығайтуға бағытталған маңызды спорттық бастама болды.
«Һибатулла Тарази» медресе-колледжінің баспасөз қызметі
