ҚҰРАН АЯТТАРЫНЫҢ ТҮСУ СЕБЕБІ
Ғалымдар қасиетті Құранды зерттеп-зерделеу нәтижесінде аяттарды екіге бөліп қарастыруға болатынына көз жеткізген. Біріншісі – әуелден Алла тарапынан адамдарға тура жол көрсету, өмірін дұрыс жүйелеу әрі дұрыс сенім бекіту, сонымен қатар өткен қауымдардың өмірінен мысалдар немесе ғибраттар, өткен пайғамбарлардың оқиғаларын, қиямет-қайым ахуалдарын қамтып келген аяттар. Яғни осы тақырыптағы аяттар белгілі бір себепке қатысты түспеген.





