Мақалалар

Шежіредегі тарихи тұлғалар жайлы бір үзік ой
Шежіредегі тарихи тұлғалар жайлы бір үзік ой

Шежіре, (арабшада шаджарат – бұтақ, тармақ) деген сөздерді береді. Ал, тарих ғылымында халықтың шығу тегін, таралуын баяндайтын ғылым. Бұрындары бабаларымыз шежіре жайында ұрпақтарының құлағына құйып, шежірені білулеріне қатты мән берген. Кемі жеті атасын жаттатып, жеті атасын білмегендерді «жеті атасын білмеген-жетімдіктің белгісі» «жеті атасын білмеген жетесіз» деп, саналарын ояту үшін осындай сөздермен түйреп отырған.

Лудомания зардабы
Лудомания зардабы

Бұл адамның өміріне теріс әсер етсе де, құмар ойындарды жалғастыруға деген ұмтылыс. Құмар ойындар тәуелділік тудырады, өйткені ол есірткі немесе алкоголь сияқты миды улайды. Шын мәнінде, құмар ойындарға тәуелділік, бүкіл әлемде ең көп таралған дерттердің бірі болып табылады. Құмар ойындарға тәуелділік тақырыбына көшпес бұрын, құмар ойындарды түсіндіріп кеткен жөн. Құмар ойындар - бұл ақша немесе басқа пайда үшін кездейсоқ ойындарды ойнау әрекеті. Құмар ойындар әртүрлі жолдармен жүзеге асуы мүмкін, мысалы, казинолардағы үстел ойындары, үйде интернетке негізделген ойындар, қор биржасы және достарымен спорттық командаға ставка жасау. 

ҚҰРАН ЖӘНЕ ОТБАСЫ
ҚҰРАН ЖӘНЕ ОТБАСЫ

Отбасы – қоғамның іргетасы. Алла Тағала «Фурқан» сүресінің 54-аятында: «Һәм судан (ұрық тамшысынан) адамзатты жаратып, оны туыстық және құда-жекжаттық (қайын жұрттық) байланыста еткен де – Сол (Алла). Әрі сенің Раббың Құдіретті!» – деген.

Ұйқыда жатып Алланың разылығына қалай қол жеткізуге болады?
Ұйқыда жатып Алланың разылығына қалай қол жеткізуге болады?

Ұйқы да құлшылықтың бір түрі. Бүгін сіздермен бір қарағанда ең қарапайым нәрсе болып көрінетін ұйқыны дін турасынан қарастырып көреміз және осы мақалада баяндалатын пікірлер сіздің ұйқыға деген көзқарасыңызды түбегейлі өзгертер деп сенеміз.