Жамбыл имамдары жылдық жоспарды пысықтады
«Һибатулла Тарази» мешітінде Жамбыл өңірінің аудан және қала имамдары мен наиб имамдары қатысқан алқалы бас қосу өтті.
Жиында қасиетті Құран Кәрім аяттары оқылып, имамдар Түркиядағы қайғылы оқиғадан қаза тапқан жандардың рухына сауабын бағыштап, бауырлас елдің амандығы үшін дұға жасады.
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының 2023 жылға арналған жылдық жоспарын талқылау, биылғы жоспарды пысықтау мақсатында өткен шарада ҚМДБ-ның Жамбыл облысы бойынша бас имамы Бейбіт Мырзагелдиев сөз сөйлеп, имамдық қызметтің маңыздылығын тілге тиек етті.





