Жаңалықтар
Жаңалықтар

Медресе-колледж студенттері арасында білім сайысы өтті
"Һибатулла Тарази" медресе-колледжінде курсаралық (сарф пәнінен) араб тілі грамматикасынан жарыс өтті. Жарыс жүйесі жазбаша әрі логикалық сұрақтармен беріліп, өз кезегінде студенттерді қызықтырмай қоймады.

Медресе шәкірттері арасында спорттық сайыс жасалды
Ислам діні өз қоғамын қуатты да айбынды болуы үшін, спортқа ерекше көңіл аударып, онымен айналысуға шақырады. Әбу Һурайра жеткізген хадис-шәріпте хазреті пайғамбарымыз Мұхаммед (Оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) осы мәселеге байланысты: «Екеуінде де өз қайыры болса да, қуатты мүмін Аллаға, әлсіз мүміннен жақынырақ және сүйіктірек», – деген (Имам Мүслім).

"Һибатулла Тарази" медресе-колледжінің студенттері Мәулітті ерекше атап өтті
Адамзаттың асыл тәжі болған пайғамбарымыз (с.ғ.с.) дүниеге келген айы - Мәуліт мерекесі келіп, көпшілік еске алып, салауат айуды бастады.
Осындай бір Алла елшісінің (с.ғ.с.) өнегелі ғұмырын еске алу мақсатында "Һибатулла Тарази" медресе-колледжінде ерекше іс-шара ұйымдастырылды.

Медресе-колледжде алғаш рет ата-аналар жиналыс өтті
Сәрсенбінің сәтінде "Һибатулла Тарази" медресе-колледжінде алғаш рет ата-аналар жиналыс өтті. Діни білім алып жатқан студенттердің жақындары қатысқан жиында шәкірттердің білімі мен әдебі жайлы ақпарат берілді.