Зейнеп Үсенова "Ең үздік ұстаз" марапатын алды
Зейнеп Үсенова "Ең үздік ұстаз" марапатын алды
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының қорытынды Төралқа мәжілісі барысында «Мүфтият үздігі – 2022» номинациясымен марапаттау рәсімі өтті. Салтанатты шараға Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы арнайы қатысып, номинация иегерлерін марапаттаған болатын.
Аталған шарада Жамбыл облысы "Һибатулла Тарази" мешітінің наиб имамы Нұралы Бақытұлы «Жыл уағызшысы-2022», ал "Кеңесхан қажы" мешітінің ұстазы, Phd доктор Зейнеп Үсенова «Үздік ұстаз-2022» марапатын иеленді.
Бүгін ҚМДБ-ның Жамбыл облысы бойынша бас имамы Бейбіт Мырзагелдиев ардақты ұстазға марапатты жеткізіп, қызметіне жеміс тілеп, алғыс білдірді.
Ақерке БЕКҚҰЛОВА
"Һибатулла Тарази" мешітінің баспасөз қызметі