Жаңалықтар

"Үшқоңыр" медресе-колледжінің ұстаздары мен шәкірттері зиярат етті

"Үшқоңыр" медресе-колледжінің ұстаздары мен шәкірттері зиярат етті

Тараз шаһарында орналасқан діни білім ордасы "Һибатулла Тарази" медресе-колледжіне Алматы облысында орналасқан "Үшқоңыр" медресе-колледжінің директоры Абзал Амиров бастаған ұстаздар мен шәкірттері зиярат етіп келді. 

Қос білім ордасының ұстаздары тәжірибе алмасып, шәкірттер өзара сұқбат құрды. 

Алыстан ат терлетіп келген қонақтар медресе және жатақхана, мешіт ғимаратын аралап, жақынырақ танысты. 

ҚМДБ: БИЫЛ РАМАЗАН АЙЫ 23 НАУРЫЗДА БАСТАЛАДЫ (ФОТО)
ҚМДБ: БИЫЛ РАМАЗАН АЙЫ 23 НАУРЫЗДА БАСТАЛАДЫ (ФОТО)

ҚМДБ: БИЫЛ РАМАЗАН АЙЫ 23 НАУРЫЗДА БАСТАЛАДЫ (ФОТО)

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Рамазан айына орай БАҚ өкілдерінің қатысуымен баспасөз мәслихатын өткізді. 

ҚМДБ Төрағасы мұсылман үмметі үшін ұлық саналған Рамазан айы жайлы баяндап, журналистердің сұрағына жауап берді. 

«Біз Орталық Азия елдерінің мүфтилерімен, ондағы пәтуа саласына жауапты ғалымдармен ақылдаса келе және ғылыми зерттеулер нәтижесін ескеріп, ортақ шешім қабылдадық. Алла қаласа, биыл рамазан айы 23 наурызда басталады. Ал сәуір айының 17-нен 18-не қараған түн – қасиетті Қадір түні. 21 сәуір – ораза айт мерекесі» деді Наурызбай қажы Тағанұлы.

ОРАЗА ЖӘНЕ НАМАЗ КЕСТЕСІ – 2023
ОРАЗА ЖӘНЕ НАМАЗ КЕСТЕСІ – 2023

Назарларыңызға Қазақстан қалаларының 2023 жылғы Рамазан айындағы ораза және намаз кестесін ұсынамыз!

Төралқа Мәжілісі мүшелерінің бірауызды шешімімен биылғы пітір садақа мөлшері – 535 теңге болып бекітілді.

Пітір садақаны Рамазан айының бірінші күнінен ораза айт намазына дейін беруге болады.

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МЕДРЕСЕАРАЛЫҚ ҚҰРАН ЖАРЫСЫ ӨТТІ
РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МЕДРЕСЕАРАЛЫҚ ҚҰРАН ЖАРЫСЫ ӨТТІ

Жуырда ҚМДБ Діни білім және кадр дайындау бөлімі мен  «Сарыағаш» медресе-колледжінің ұйымдастыруымен Республикалық медресеаралық Құран кәрім жарысы өтті.

«Сарыағаш» медресе-колледжінде өткен тағылымды жарыстың ашылуында ҚМДБ Діни білім және кадр даярлау бөлімінің меңгерушісі Смайыл Сейтбеков арнайы сөз сөйлеп, Бас мүфти  Наурызбай қажы Тағанұлының сәлемін   жеткізді.

Сайыс екі бөлімнен тұрды. Бірінші бөлімде қыздар арасында «3 пара» және «2 пара» және «Құранды мәнерлеп оқудан» жарыс болса, екінші бөлімде ер балалар үш номинация: «5 пара», «3 пара» және «Құранды мәнерлеп оқу» бойынша бақ сынады. Жарысқа ҚМДБ жанындағы Республикалық бас мешіттің наиб имамы, елімізге танымал қари Серік Ахметов, «Ықылас» қарилар дайындау орталығының ұстаздары Руслан Парпиев пен Зоя Жекейхан, сондай-ақ «Бала би» Қарилар дайындау орталығының ұстаздары Нұрболат Қазыбеков пен Айдана Сейтхан төрелік жасады.