Жаңалықтар

НАУРЫЗ МЕРЕКЕСІ ҚҰТТЫ БОЛСЫН!
НАУРЫЗ МЕРЕКЕСІ ҚҰТТЫ БОЛСЫН!

Наурызбай қажы ТАҒАНҰЛЫ

ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти 

 

Қадірлі отандастар!

 

Баршаңызды Ұлыстың Ұлы күні – Наурыз мейрамымен шын жүректен құттықтаймын! Біздің бабаларымыз төл жаңа жылымыздың бастауы саналатын, табиғатқа жан бітіріп, тіршілікті түлететін Наурыз мейрамына ерекше мән берген. Себебі бабаларымыз Наурызды – жаңашылдыққа ұмтылудың, жаңғырудың нышаны деп қабылдаған. Содан болар, берер тағылымы мол, тарихы тереңде жатқан Наурыз мейрамын ел болып асыға күтеміз.

Ежелден игі дәстүрімізге айналған Ұлыстың Ұлы күні – ізгілік пен мейірімнің мейрамы. Өйткені бұл күні халқымыз бұлақтың көзін ашып, ағаш егіп, бір-бірін құттықтап, бір-біріне ізгі тілегін арнайды. Ренжіскендер бір-бірін кешіріп, мейірімділік танытады.

Ақсақалдардың «Ұлыс оң болсын, ақ мол болсын!» деген тілегінің тағылымы зор. 

 

Ардақты ағайын!

 

Осынау шуақты мерекеде әр отбасыға бақыт пен бірлік, татулық пен бар жақсылықты тілеймін. Алла Тағала халқымызға амандық, жұртымызға тыныштық нәсіп етсін! Ұлыс оң болсын, ақ мол болсын! Әмин!

Орталық мешітте ұлыстың ұлы күні - әз-Наурыз мерекесі тойланды
Орталық мешітте ұлыстың ұлы күні - әз-Наурыз мерекесі тойланды

Қыстан қалған қасат қармен қатар көңілдің де тоңы жібіп, адамзат атаулының айрықша күтетін ұлық мейрамы бар, ол – Наурыз. Көктеммен бірге өміріне де шуақ, шапағат кіреді деп сенген халқымыз Наурыз мерекесін «Ұлыстың ұлы күні», «Әз Наурыз» деп айрықша әспеттеген. Сондықтан болса керек, қазақта Наурыз бір күн емес, тұтас ай бойы тойланады.

Бүгін облыстық "Һибатулла Тарази" мешітінде әз-Наурыз мерекесі үлкен көлемде аталып өтілді. "Әжелер алқасының" ұйымдастыруымен өткен ұлттық мейрамға мешіттің белсенді әжелер қауымы, мешіт қызметкерлері, ұстаздар, имамдар мен қадірлі қонақтар келіп қатысты. 

БАС МҮФТИ ӨЗ ТАҢДАУЫН ЖАСАДЫ (ФОТО)
БАС МҮФТИ ӨЗ ТАҢДАУЫН ЖАСАДЫ (ФОТО)

Бүгін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы Астана қаласындағы Әл-Фараби атындағы Оқушылар сарайында орналасқан сайлау учаскесіне барып, Қазақстан Республикасы Мәжілісі мен жергілікті мәслихаттар сайлауында дауыс беріп, өз таңдауын жасады.

Бұқаралық ақпарат құралдарына берген сұхбатында Бас мүфти: «Елдің бірлігі мен болашағы үшін дауыс беріп, өз таңдауымды жасадым. Бүгінгі сайлау жұртымызды ортақ мақсатқа біріктіретін игі іс-шара болады деп сенемін. Алла Тағала халқымыздың тілеуін қабыл, болашағымызды жарқын еткей! Еліміз аман, жұртымыз тыныш болғай. Мемлекетіміз әрқашан өркендей берсін. Әмин!» деді.
#Талас: Жасөспірімдер арасында кіші футболдан турнир өтті
#Талас: Жасөспірімдер арасында кіші футболдан турнир өтті

#Талас: Жасөспірімдер арасында кіші футболдан турнир өтті

Талас ауданы, Саду Шәкіров ауылы, "Байтоқты баба" мешітінің имамы Оспанов Бақдәулеттің ұйымдастыруымен жасөспірімдер арасында кіші футболдан турнир өтті.

Балалар арасында спортты насихаттау үрдісімен жасалған іс-шараға 2 команда қатысып, жүлдегерлер заттай сыйлыққа қол жеткізіп, марапат қағаздарын иеленді.

Дені саудың-жаны сау демекші тән саулығы рух саулығының кепілі болмақ. Сәйкесінше имамның түрткі болуымен жасалған іс-шара өз деңгейінде сапалы өтті. Жарыс соңында Оспанов Бақдәулет балаларға уағыз айтып, Пайғамбарымыздың(с.ғ.с) өнегелі өмірін тақырыпқа арқау етті.

Талас аудандық мешітінің баспасөз қызметі

БАС МҮФТИ «ҮШҚОҢЫР» МЕДРЕСЕ-КОЛЛЕДЖІНІҢ ЖАҢА ҒИМАРАТЫМЕН ТАНЫСТЫ (ФОТО)
БАС МҮФТИ «ҮШҚОҢЫР» МЕДРЕСЕ-КОЛЛЕДЖІНІҢ ЖАҢА ҒИМАРАТЫМЕН ТАНЫСТЫ (ФОТО)

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы Алматы облысына барған сапарында «Үшқоңыр» медресе-колледжінің жаңа ғимаратымен танысты.

Медресе-колледж директоры Абзал Әміров Бас мүфтиге құрылыс жұмыстары жайлы, жаңа ғимараттың жобасы туралы баяндап берді.

Медресе директоры діни оқу орнында білім алушылар саны жыл сайын артып келе жатқанын жеткізді. Бүгінде «Үшқоңыр» медресе-колледжінде 400 шәкірт білім алуда.

Бас мүфти құрылыс жұмыстары кезінде қауіпсіздік шараларын қатаң ескеруді, ғимаратты жоспарланған мерзімде пайдалануға берудің маңыздылығын атап өтті.

Медресенің жаңа ғимараты 300 адамға арналған. Жалпы ауданы - 2736 шаршы метр.