Бүгін Жамбылдағы "Һибатулла Тарази" медресе колледжінде 2023 жазғы діни сауат ашу курсы басталды. Аталған курсқа 9-14 жас аралығындағы оқушылар қабылданды.
Ашылу салтанатына жиналған ұстаздар мен оқушылардың ата-аналарына ҚМДБ-ның Жамбыл облысы бойынша бас имамы Бейбіт Мырзагелдиев "Діни білім алудың маңызы" тақырыбында насихат айтты. Сонымен қатар балалар жас ерекшеліктеріне қарай топтарға бөлініп, ұстаздарына табысталды.





