Жаңалықтар

В Алматы при поддержке Правительства Великобритании @ukinkz в эти дни проходит тренинг для религиозных лидеров Ислама по преподаванию курса «Основы здоровья и благополучной семьи в Исламе».
В Алматы при поддержке Правительства Великобритании @ukinkz в эти дни проходит тренинг для религиозных лидеров Ислама по преподаванию курса «Основы здоровья и благополучной семьи в Исламе».

Вместе с участниками тренинга - устазами духовных заведений, тренеры обсудят вопросы укрепления семьи и семейных ценностей, ответственного родительства, недопущения насилия, а также поговорят о вопросах укрепления материнского и репродуктивного здоровья. По завершении обучения устазы колледжей-медресе овладеют темами учебного курса и методикой его преподавания. В рамках меморандума, подписанного между Духовным управлением мусульман Казахстана (ДУМК) и @unfpakaz, курс «Основы здоровой и благополучной семьи в Исламе» будет поэтапно внедряться в учебный процесс колледжей-медресе страны.

Жамбыл облысының ұстаздары жылдық есеп тапсырды
Жамбыл облысының ұстаздары жылдық есеп тапсырды

Жамбыл облысының ұстаздары жылдық есеп тапсырды

Облыстық "Һибатулла Тарази" мешітінде Жамбыл облысының барлық әйел ұстаздары 2021-2022 жылдың есебін тапсырды. 

Жыл бойы атқарылған іс-шаралар қала, аудандардағы шәкірттер саны, беріліп жатқан білім, дәрістердің жүргізілу барысы, бағыттар бойынша әйелдер арасында жасалған жұмыстар легі тілге тиек етілді. 

Есепті ҚМДБ-ның Жамбыл облысы бойынша бас имамы Бейбіт Әліпбекұлы мен ҚМДБ Әйел-қыздар секторының Жамбыл облысындағы жетекшісі Жазира Нұрсұлтанқызы қабылдады. 

Шара соңынан бас имам барлық ұстаздарды еңбектері үшін алғыс хатпен марапаттады. 

Ақерке БЕКҚҰЛОВА

"Һибатулла Тарази" мешітінің баспасөз қызметі

Жамбыл өңірінің имамдары жылдық есеп тапсырды
Жамбыл өңірінің имамдары жылдық есеп тапсырды

Жамбыл өңірінің имамдары жылдық есеп тапсырды

Бүгін ҚМДБ-ның Жамбыл облысындағы өкілдігі, орталық "Һибатулла Тарази" мешітінде өңір имамдарының жылды қорытындылау жиналысы өтті. 

Облыс бас имамы Бейбіт Мырзагелдиевтың басшылығымен өткен шарада қала-аудан бас имамдары жылдық есеп тапсырды. Жиынға Жамбыл облысы әкімдігінің Дін істері басқармасының басшысы Сәкен Сәрсенбайұлы мен облыстық мешіттің қызметкерлері қатысты. 

Бейбіт Әліпбекұлы имамдық қызметтің маңыздылығы, міндеті мен мақсаты, жауапкершілігі жайлы жалынды сөздерімен мәжілісті ашты. 

Имамдар ҚМДБ бекіткен 7 бағыт бойынша жыл бойы атқарылған жұмыстардың есебін беріп, слайд, кітапша ұсынып, баяндама жасады. 

Сәкен Сәрсенбайұлы имамдарға қызметтері үшін алғыс айтып, өз ұсынысын білдірді. Ал мешіт қызметкерлері өздері жауапты бағыттар бойынша аудан мешіттері жұмысының үздік және әлсіз тұстарын атап, басымдық беріп, жұмыс жасауға қажетті тұстарын атады.

Жиын соңынан әр бағыт бойынша үздік өңірлер марапатталды. Атап айтсақ, "Уағыз-насихат" бойынша Қордай ауданы, "Діни оңалту" бағыты бойынша Тараз қаласы, "Зекет және қайырымдылық" бағытынан Меркі ауданы, "Ақпарат және ағарту" бойынша Шу ауданы, "Дін мен дәстүр" бағыты бойынша Жамбыл ауданы үздік деп танылды. 

Барлық дін мамандарына алғыс айтылып, алдағы жылда да дін үшін, халық үшін игі істерге мұрындық болып, белсенділіктен таймай қызмет ету насихатталды. 

Ақерке БЕКҚҰЛОВА

"Һибатулла Таразимешітінің баспасөз қызметі

Облыстық мешітте әйелдер жамағаты Мәуліт кешін өткізді
Облыстық мешітте әйелдер жамағаты Мәуліт кешін өткізді

Облыстық мешітте әйелдер жамағаты Мәуліт кешін өткізді

Облыстық "Һибатулла Тарази" мешітінде ҚМДБ Жамбыл облысы бойынша Әйел-қыздар секторының ұйымдастыруымен үлкен көлемде Мәуліт кеші ұйымдастырылды. 

Астанада «Медресе темір адамы» спорттық сайысы өтті  Елордасы Астана қаласындағы «Қазақстан» спорт кешенінде «Медресе темір адамы» республикалық медресеаралық спорттық сайысы өтті.
Астанада «Медресе темір адамы» спорттық сайысы өтті Елордасы Астана қаласындағы «Қазақстан» спорт кешенінде «Медресе темір адамы» республикалық медресеаралық спорттық сайысы өтті.

ҚМДБ елорда өкілдігі мен «Астана» медресе-колледжінің ұйымдастыруымен өткен додалы жарысқа еліміздегі Діни басқармаға қарасты тоғыз медресе және «Хусамуддин ас-Сығанақи» институының шәкірттері қатысты. Сайыстың ашылу салтанатында ҚМДБ Діни білім және кадр даярлау бөлімінің меңгерушісі Смайыл Сейтбеков алғысөз сөйлеп, қатысушыларға Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының сәлемін жеткізді. Сайыскерлерге сәттілік тілеп, спортпен айналысу, дене шынықтыру мен салауатты өмір салтын ұстанудың маңызын тілге тиек етті.

Сайысқа келсек, қатысушылар екі номинация бойынша бақ сынасты. Эстафета номинациясы бойынша 100 метр қашықтыққа суға жүзуден «Сарыағаш» медресе-колледжінің шәкірті Даниял Ерланұлы жеңімпаз атанса, «Үшқоңыр» медресе-колледжінің шәкірті Рахым Құрманбек 2-орынды және «Орал» медресесе-колледжінің шәкірті Пана Бейбітұлы 3-орынды иеленді. Эстафета номинациясы бойынша 400 метр қашықтыққа жүгіруден 1-орынды «Үшқоңыр» медресе-колледжінің шәкірті Ниятдин Абдиссаламов жеңп алса, «Һибаттула Тарази» шәкірті Әбдісаттар Русланұлы 2-орынды, ал 3-орынды «Әбу Ханифа» медресе-колледжінің шәкірті Жалғас Орынбасарұлы місе тұтты.