"Һибатулла Тарази" медресе-колледжіне жаңа директор тағайындалды
Тараз шаһарындағы діни білім ордасы "Һибатулла Тарази" медресе-колледжіне жаңа директор тағайындалды. Облыстық мешітте өткен ресми жиында ҚМДБ-ның Жамбыл облысы бойынша бас имамы Бейбіт Мырзагелдиев маманды жаңа қызметімен құттықтап, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бұйрығын табыс етті.





