Мақалалар

ТЕРЕҢ ОЙЛАНУ АЛЛАНЫ ТАНУҒА ЖЕТЕЛЕЙДІ
ТЕРЕҢ ОЙЛАНУ АЛЛАНЫ ТАНУҒА ЖЕТЕЛЕЙДІ

Терең ойлау – пайғамбарлардың ғибадаты, ізгі адамдардың әдеті, Аллаға жақындата түсетін игі амал. Терең ойға бойлаған адам әлемнің жаратылысындағы әсемдікті, табиғаттағы таңғажайып үйлесімді, Жаратушы Алланың бар әрі бір, аса құдіретті екендігін ұғынып, өмірін жақсы істерге арнайды. Бұрынғы ізгілердің «Бір сағат терең ойланып, пікір жүргізу – алпыс жыл құр (ықылассыз) құлшылық жасағаннан артық» деген сөзінде үлкен мән бар.

Уақып – үзілмейтін сауаптың қайнар көзі
Уақып – үзілмейтін сауаптың қайнар көзі

Ислам өркениетінде уақып ұғымы терең мағынаға ие әрі қоғам өмірінде маңызды рөл атқаратын рухани-әлеуметтік жүйе болып саналады. Тілдік тұрғыда «уақып» сөзі тоқтату, ұстау, белгілі бір нәрсені қорғап қалу деген мағыналарды білдіреді. Ал шариғаттағы мағынасы бұдан да ауқымды: уақып – белгілі бір мал-мүлікті Алланың разылығы үшін арнап, оны үздіксіз қайырымдылық жолында пайдалану.

ДИПНОСТАЛЬГИЯ (Deep Nostalgia) ҮКІМІ
ДИПНОСТАЛЬГИЯ (Deep Nostalgia) ҮКІМІ

Дипностальгия (Deep Nostalgia – терең сағыныш) – нейрожелілік алгоритмдер негізінде статикалық портреттерді анимациялау технологиясы. Бұл технологияны  көбінесе марқұмдардың бейнесін жандандыру мақсатында қолданады.

Дін мен дәстүр – ұлт рухының қос қанаты
Дін мен дәстүр – ұлт рухының қос қанаты

Салт-дәстүр – әрбір ұлттың болмысын айқындайтын, ғасырлар бойы қалыптасқан өмірлік қағида. Ол халықтың діні мен сеніміне, тұрмыс-тіршілігіне, ұлттық құрылым ерекшеліктеріне сәйкес жинақталған ғұрыптар мен дағдылардың тұтас жүйесі. Салт-дәстүр – жай ғана рәсімдер жиынтығы емес, қауым мен қоғамда орныққан мінез-құлық өлшемдері, адамды адам етіп қалыптастыратын тәрбие мектебі.