БИЫЛҒЫ РАМАЗАН АЙЫ 19 АҚПАНДА БАСТАЛАДЫ
Бұл туралы бүгін елордада Рамазан айына орай өткен Төралқа мәжілісінде Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы хабарлады.
Бұл туралы бүгін елордада Рамазан айына орай өткен Төралқа мәжілісінде Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы хабарлады.
Бұл туралы ҚМДБ Төрағасының орынбасары, наиб мүфти Сансызбай Құрбанұлы Рамазан айына орай өткен Төралқа мәжілісінде мәлімдеді.
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы еліміздің қалалары мен ауылдарына арналған Рамазан айының ораза кестесін ұсынады.
Кестені https://www.muftyat.kz/kk/page/web/ramadan/ сілтемесіне өтіп, қажетті өңірді таңдау арқылы жүктей аласыз. Алла Тағала ниетіңізді қабыл етсін!
Имандылық адам баласын тек қана игілікке жетелейді. Егер иман – тамыры терең ағаш болса, ізгі амал оның саялы жапырағы мен тәтті жемісі іспетті. Байқасаңыздар, қасиетті Құранда Алла Тағала қай жерде «Иман келтіргендер...» деп тіл қатса, артынша дереу «...және ізгі амал жасағандар» деп, бұл екеуін егіздің сыңарындай қатар атаған. Бұл бізге нені аңғартады? Бұл мұсылманның дәрежесі тек жақсылығымен, қоғамға тигізген пайдасымен өлшенетінін білдіреді.
Адал қоғам – бұл тек заңмен реттелетін орта емес, ол ең алдымен иманға, ар-ұятқа және Алладан қорқуға негізделген қоғам. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы 2026 жылды діни қызмет аясында «Ислам және адал қоғам» жылы деп жариялады.
