КЕНЖЕТАЙ БАЙКЕМЕЛҰЛЫ: ОРАЗА – АДАМНЫҢ РУХЫН ТАЗАРТАТЫН ҚҰЛШЫЛЫҚ
– Қасиетті Рамазан айының рухани мәні неде, маңызы қандай?
– Әуелі баршамызды қасиетті Рамазан айына аман-есен жеткізген Алла Тағалаға сансыз мадақ болсын! Рамазан – күллі мұсылман үмбеті үшін ең қастерлі де берекелі ай. Бұл – Алла Тағаланың адам баласына рухани жаңғыруға, тәубеге келіп, жүректі тазартуға берген теңдессіз мүмкіндігі.





