Мақалалар

Дін – адам жолы
Дін – адам жолы

Адам баласы өмірде белгілі бір жолды таңдап, сол жол арқылы өзінің болмысын қалыптастырады. Сол жолдардың ішіндегі ең қасиеттісі – дін жолы. Дін – адамды жақсылыққа жетелейтін, ақиқатқа бағыттайтын, өмірге мән беретін рухани бағдаршам. «Әл-Әнғам» сүресі, 153-аят: «Міне, осы – Менің тура жолым. Ендеше соған еріңдер. Басқа жолдарға ермеңдер, олар сендерді Алланың жолынан бөледі».Пайғамбарымыз ﷺ айтты: «Мен сендердің араларыңа екі нәрсе қалдырдым. Оларға берік болсаңдар, ешқашан адаспайсыңдар: Алланың кітабы (Құран) және менің сүннетім» (Имам Малик, «Муатта»).

АЗАННЫҢ ШЫҒУ ТАРИХЫ
АЗАННЫҢ ШЫҒУ ТАРИХЫ

Ислам дінінде азан – мұсылман қоғамының рухани өмірінде ерекше орын алатын ұлы ұғымдардың бірі. Ол – намаздың басталғанын хабарлап қана қоймай, Алланың ұлылығын, ислам дінінің бірегейлігін паш ететін құлшылық шақыруы. Азан – ислам өркениетінің айшықты белгілерінің бірі, оның тарихы мұсылман үмбетінің алғашқы кезеңдерінен бастау алады.

Дұға - құлшылық
Дұға - құлшылық

Алла Тағала адамзат баласын жаратқаннан бері өзіне құлшылық жасау үшін жаратты. Ол туралы Құран Кәрімде: "Мен адам баласы мен жындарды өзіме тек құлшылық  жасасын деп жараттым", - деп негізгі жаратылу мақсатымызды айқындап берген. Абай атамыздың: "Ақылды адамға иман парыз, иманды адамға ғибадат парыз", - дегені Алланың міндеттегеніне шақыру және шариғатты терең меңгергенінің белгісі. Ал осы құлшылықтың негізгі құралы, мәйегі, негізгі принциптері дұға жасау, күнәларымызға кешірім сұрау, құлшылығымыздың  қабыл болуын сұраудан тұратыны баршамызға белгілі.

УАҚЫТЫН ТИІМДІ ПАЙДАЛАНҒАН ЖАН ҰТЫМДЫ ӨМІР СҮРЕДІ
УАҚЫТЫН ТИІМДІ ПАЙДАЛАНҒАН ЖАН ҰТЫМДЫ ӨМІР СҮРЕДІ

Адам өміріндегі ең құнды, теңдесі жоқ байлықтың бірі – уақыт. Өмірдің мәні де, дамудың кілті де уақытпен тікелей байланысты. Қанша жерден байлық жиналса да, жоғалған уақыттың орнын толтыру мүмкін емес. Сондықтан әрбір адам үшін уақытты қадірлеу, оны дұрыс пайдалану – ең үлкен артықшылықтардың бірі болып табылады.

БІЛІМ МЕН РУХАНИЯТ ТОҒЫСҚАН ОРДА
БІЛІМ МЕН РУХАНИЯТ ТОҒЫСҚАН ОРДА

Жаңа ислам институтының бағыт-бағдары

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы – ел аумағындағы діни ахуалды тұрақтандыру, діни білім беру ісін дамыту, ұлттық руханиятты нығайту сынды маңызды міндеттерді жүйелі жүзеге асырып келе жатқан республикалық бірлестік. Соңғы жылдары басқарманың бастамасымен елімізде бірқатар игі жобалар жүзеге асырылып, соның ішінде діни білім беру саласына баса назар аударылуда. Соның айқын дәлелі – 2022 жылы елорда төрінде ашылған «Хусамуддин әс-Сығанақи» атындағы ислам институты.