Мақалалар

ШҮКІРШІЛІК – БЕРЕКЕНІҢ КІЛТІ
ШҮКІРШІЛІК – БЕРЕКЕНІҢ КІЛТІ

Адам баласының өмірінде қуаныш та, қиындық та, молшылық та, таршылық та қатар кездеседі. Бір күні көңіліміз көтеріліп, дүниеміз кеңейсе, енді бір күні сынаққа тап болып, жүрегіміз қысылуы мүмкін. Осындай құбылмалы өмірде адамға күш беретін, жүрегін тыныштандыратын, бар нәрсенің қадірін түсіндіретін ұлы қасиеттердің бірі – шүкіршілік. 

Интернеттегі ақпарат иірімге тартып әкетеді
Интернеттегі ақпарат иірімге тартып әкетеді

XXI ғасыр ақпараттық заманның кезеңі. Білгің келген нәрсенің жауабын интернеттен тез әрі оңай табуға болады. Түрлі әлеуметтік желілерде адамға пайдасымен қоса зиянын да беретін ақпараттар жетерлік. Соның бірі – діннің атын жамылған деструктивті діни ағымдардың идеологиясына негізделген күмәнді ақпарат көздері.

АДАЛДЫҚ СЫНАЛАТЫН СӘТ
АДАЛДЫҚ СЫНАЛАТЫН СӘТ

Біздің күнделікті тіршілігіміз сауда-саттықпен, өзара алыс-беріспен және адал еңбекпен тығыз байланысты. Ислам діні адамның дүниелік тіршілігін де, рухани өмірін де тең ұстайтын кемел дін болғандықтан, сауда мәдениетіне ерекше мән береді. Құран Кәрімде сауда-саттыққа қатысты ондаған аят түсіп, Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) хадистерінде адал сауданың қағидалары жан-жақты баяндалған.

Тарих пен тағылым тоғысқан білім ордасы
Тарих пен тағылым тоғысқан білім ордасы

Тараз – тарихы терең, өркениеттер тоғысында қалыптасқан көне шаһар. Екі мың жылдан астам тарихы бар бұл қала ғасырлар бойы Ұлы Жібек жолының бойындағы сауда мен мәдениеттің, ғылым мен білімнің маңызды орталықтарының бірі болды. Әсіресе, ортағасырлық Тараздың гүлденген кезеңінде қалада мешіттер, медреселер, моншалар, керуен сарайлар сияқты қоғамдық нысандардың болғаны археологиялық зерттеулер арқылы анықталған. Сол дәуірде Ислам діні қала өмірінің маңызды рухани факторларының біріне айналды.

ЖАЛҒАН ДИПЛОМ ЖАРҒА ЖЫҒАДЫ
ЖАЛҒАН ДИПЛОМ ЖАРҒА ЖЫҒАДЫ

Ислам діні адалдықты адамның ең асыл қасиеттерінің бірі ретінде дәріптейді. Адалдық – мұсылманның мінезінің айнасы, иманының көрінісі және қоғам берекесінің кепілі. Қай салада болсын, адалдық салтанат құрған жерде сенім орнығады, әділет үстем болады, береке артады. Ал өтірік, жалғандық және қиянат жайлаған жерде сенім жоғалып, қоғамның іргесі сөгіле бастайды.