Жақсы сөз игіліктің бастауы
Осы біз қандай сөздерді айтып жүрміз? Үйде, жұмыста, достарымыздың арасында не айтамыз? Осы туралы ойланып көрдіңіз бе? Бір хадисінде Алла елшісі (с.ғ.с.): «Кімде-кім Аллаға және ақирет күніне иман келтірсе, игі сөздер айтсын немесе үндемесін» дейді. «Басқа пәле – тілден» деген халқымыз да тіліміздің өзімізге жау екенін меңзеген. Ғайбат сөйлеу, біреуді жамандау, менсінбеу – наданның ісі.





